Баланы горшокқа үйрету.
Горшокқа отыруды үйретуді біртіндеп бастаған жөн. Үйренуге баланың дайын болғаны өте маңызды. Яғни ересектерге еліктеуге ынтызарлығы оянуы керек.
Горшокты қалай таңдау керек? Үйретуді неден бастаған дұрыс?
Әрине, горшокты сатып алудан бастаңыз. Оған үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Сіздің дұрыс таңдау жасауыңыздан баланың бұл затты болашақта қолдану-қолданбау тілегі оянады.
Ең негізгісі, әдемілік емес, оның ыңғайлылығы. Ол баланың отыруына ыңғайлы болуы керек. Қауіпсіздік ережелеріне және баланың денесінің көлеміне сәйкес келетін ең жақсы құрылым – шалқайма орындық (кресло) тәріздес горшок. Оның арқалығы мен шынтақ қоятын жерлері бар, сондықтан сәби үлкендердің қарауынсыз отырғанда құлап қалмайды. Креслоның ішіндегі ыдысы оңай алынады, сол себепті сізге жууға да жеңіл. Мұндай горшоктың тек бір ғана кемшілігі бар – оны дүкеннен табу оңай емес.
Дұрыс емес үлгісі — аң бейнесіндегі немесе басқа бейнедегі горшок. Өзіңіз ойланып қараңызшы, үлкен, мейірімді көздерімен сізге қарап тұрған біреудің басына отырып дәрет сындыру ыңғайсыз емес пе? Оған қоса, мұндай қиялдан жасап шығарылған горшоктар өте төмен, сол себепті бала оған жүрелеп отырғандықтан, оған ыңғайсыздық туғызуы мүмкін.
Ал горшоктардың кейбірінде унитазға кигізілетін отырғыш қолданылады. Бұл баланы дәретке отырғызуға үйретуге мүлдем ыңғайсыз. Біріншіден, унитазға отыру мүмкін емес, оған бала өзі өрмелеп шығуына тура келеді. Екіншіден, еденге аяғы тимей отыру балаға ыңғайсыз және қорқынышты. Үшіншіден, дәретхана – балаға әлі таныс емес орын, шошып қалуы мүмкін.
Горшокты қолдануды үйренеміз. Сонымен, сіз горшок қолданғыңыз келеді. Енді үйрету әдісін бастаймыз.
Ескерту! Егер бала горшокқа отырғызуды үйреткен кезде қарсылық танытып жатса, бұл сабақты бірнеше уақытқа тоқтата тұрғаныңыз жөн. Егер сіз оның қарсылығына қарамай күш қолданатын болсаңыз, оның ынтызары мүлдем тумауы мүмкін.
Ата-аналарға кеңес
Шыдамды болыңыз
Балаңыздың еліктеушілігін құптаңыз. Өзіңіз дәретханаға барғанда, балаңызды жаныңызға горшокқа отырғызыңыз.
Ерекше назар аударатын жағдайлар:
Балаңыздың денсаулығын қадағалаңыз: ол үлкен және кіші дәретке отырғанда ауырсынбауы керек.
Балаға горшокқа отыруды үйретерде:
Оны асықтырмаңыз. Бұл әдетті оның бойында қалыптастыру үшін бірнеше уақыт кетеді.